Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙДАҒЫ БЕС ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛАРЫНЫҢ КІЛТІН АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады.

Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.
Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

Сонымен қатар Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәт көшелерін аралап көрді. Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 млн. теңге қаржы қаралған.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру