Санатталмаған

Келестік оқушылар қашықтан оқуға дайын

Қазіргі коронавирус дендеген кезең еліміздің білім саласына да салдарын тигізіп жатқаны анық. Осыған байланысты 2020 жылдың наурыз айында оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп, балалар оқу жылын үйде оқу арқылы аяқтаған еді. Енді 2020-2021 жылғы оқу жылында оқушыларды үш түрлі режимде оқыту жүйесі ұсынылып отыр. Ол туралы Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіне қарасты Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры айтып берді.
«Қазір карантинге байланысты жаңа оқу жылына үш түрлі режим ұсынылған. Олар – штаттық, ішінара, яғни 1, 2, 4, 11 сыныптарды мектепте оқыту және қашықтықтан оқыту жүйелері. Көріп отырғандарыңыздай ауылдық округте интернет желісі жақсы деңгейде, барлық үй қамтылған. Егер қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілсе, барлығы дайын», – дейді мектеп директоры Жұмабек Сопбеков.
Сондай-ақ, 450 оқушысы бар мектеп директорының айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын қашықтықтан оқу үшін өткен оқу жылында мектептегі 20 компьютер уақытша берілген. Егер қажет болса, жаңа оқу жылында да беруге дайын екен. Оған қоса аталған санаттағы оқушыларға тұрақты түрде ыстық тамақ беріліп келген.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру