Санатталмаған

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер елбасымыздың үндеуіне үн қосуда

Гүлнар ҮСЕНОВА, «Асыл бала» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы:

— Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр. Мұндай игі істен шымкенттік жомарт жүректі азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Бұл – елдігіміздің көрінісі, қуантарлық жағдай, әрине. Елбасының осындай қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бейжай қалдырмады. Бұл, меніңше, бәрімізді жігерлендірген өте ұтымды шешім болды. Біз, қай салада болсын, өз кезегімізде үндеудің әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысуымыз керек. Сондықтан осы елдің азаматымын дейтін әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіріп, көмек қолын созып жатса нұр үстіне нұр. Күні кеше Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Сол кезде: «Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», — деді. Елбасы еліміз алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді. Сондықтан, елдігімізді танытайық. Қолдауымызды көрсетейік.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру