Санатталмаған

АРНАЙЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

AzatMedia. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Жұмысшы топ мегаполис дәріханаларында рейд жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, мәслихат депутаттары, оның ішінде мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ә.Әссанди, қоғам белсенділері мен волонтерлар, қала әкімдігі мен фармбақылау, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің өкілдері мен Департамент қызметкерлері қатысты.

Мониторинг дәрілік препараттардың бағасын көтеру, олардың бар болуы немесе тапшылығы фактілерін анықтау, дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз қамтамасыз ету себептерін анықтау, сондай-ақ препараттарды азаматтарға жедел жеткізу бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен шаралар қабылдау мақсатында жүргізілді.

Мониторинг барысында бірқатар дәріханаларда метрогил, сумамед, аспирин, анаферон, ингавирин, кликсан, цефтриаксон және т.б. дәрі-дәрмектердің бар екендігі анықталды. Дегенмен, дексаметазон, иуфилин, мерапенем, мегасефт сияқты қажетті препараттар әлі де жоқ.
Фармацевтердің айтуынша, аталған дәрі-дәрмектер 10 күннен бері дәріханаларға түспеген. Дистрибьюторлар қоймаларында дәрілік заттардың болмауына байланысты тапшылық қалыптасқанымен, жақын арада дәрі-дәрмектерді жеткілікті мөлшерде жеткізу күтілуде.

Айта кету керек, мониторинг барысында үлкен кезектер мен дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілері анықталмаған және олар шекті бағалар тізіліміне сәйкес сатылуда.
Рейдтік іс-шаралар «Antikor.Live» жобасы аясында тікелей эфирде көрсетіліп, жергілікті телеарналар тарапынан ақпараттық қолдауға ие болды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру