Санатталмаған

СЫНАҚТЫ КЕЗЕҢДЕ ҚАРАЖАТТЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ МАҢЫЗДЫ

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Мемлекет басшысы қатысқан жиынның маңыздылығы жоғары. Қазіргі таңда еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты халықтың денсаулығын сақтау маңызды. Сондықтан Президент Қ.Тоқаев жауапкершілікке, денсаулық сақтауға қатысты, өз жұмысын дұрыс атқармаған құзырлы мекемелердің жұмысын тоқтату туралы айтты. Президент осыдан 2-3 күн бұрын ғана тікелей эфирдегі үндеуінде алдағы екі апта болашақ қадамдарымыз шешуші кезең екенін айтып өткен болатын.
– Денсаулық сақтау, білім мен көмірсутегі құрамы аз технологиялар, ғылым мен экология ерекше назарды талап етеді. Басқаша айтқанда, біз экономиканы халыққа бұруымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы осы ретте қаражат тиімді жұмсалуы керектігін де ескертті.

Президенттің реформа барысында жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытуға басымдық беру жөніндегі ойы маңызды мәселе . Бұл халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, мәселелерді жергілікті жерде дер кезінде шешуге жол ашады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметтен 5 күннің ішінде пандемиямен және оның салдарымен күрес бөлігінде жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды тапсырды.

Ермек ДӘРМЕНОВ, Шымкент қалалық маслихатының депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру