Санатталмаған

ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде дәрі-дәрмек мәселесі жуық арада шешілетінін мәлімдеді. Бұл тапсырма көңілге үміт орнататыны рас, себебі, дәрілік заттар тапшылығы бүгінде өте өзекті болып тұр.

Медицина саласындағы тағы бір жаңалық – елде арнайы 400 бригада құрылып, олар үйде емделіп отырған азаматтарға көмек көрсетеді. Ал алдағы уақытта мұндай арнайы бригадалар саны 3500-ге жеткізілмек.

Жауапты мамандардың мәліметінше, Шымкентте бүгінде осындай 56 арнайы бригада қызмет атқарып жүр.

Президенттің бүгінгі үндеуіндегі тағы бір маңызды тұс – Мемлекет басшысы 13 шілдені жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл күні коронавирус пен оның салдарынан көз жұмған барлық марқұмдарды еске алып, аза тұтамыз.

Алдағы уақытта бұл қиындық артта қалып, ел болып, еңсе көтереміз деп үміттенеміз. Президент қиындыққа төтеп беріп, мойымауға шақырды. Бір-бірімізді осылай қуаттап, қолдау қазіргі таңда қажет-ақ.

Дүрбелеңге бой алдырмай, еңсемізді көтерейік!

Данабек ИСАБЕКОВ, Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ филиалының директоры

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру