Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ДӘРІХАНАЛАР МЕН ЕМХАНАЛАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕК УАҚЫТЫЛЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен брифингте қала тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту, дәрілердің бағасын бағамдау және өкпені механикалық желдету аппараты жайында сөз қозғады.

– Бүгінге дейін қалада 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды. Яғни, бізде 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекеме және 560 дәріхана жұмыс атқарады. Бір айлық дәрі-дәрмек қоры – дене қызуын төмендететін – 115 843 препарат, вирусқа қарсы – 136 352 препарат, антибиотиктер – 133 040 қорап және «С» дәрумендері 44 253 қорапты құрап отыр. Ал дәрілердің бағасын бақылау және алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4 мониторингтік топ құрылды. Қазіргі таңда бұл мониторингтік топтың жұмысы күшейтілген. ИВЛ (өкпені механикалық желдету аппараты) жайлы айтсам, бүгінде бізде 323 ИВЛ аппараты бар. Оның ішінде портативті аппарат – 130, «Бобров» тыныс алу аппараты – 250, ал монитор – 10. Осы орайда қоса кетейін, емдік жұмыстарын күшейту мақсатында қалада 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда», – деді М.Әйтенов.

Брифинг соңында Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына 5 шілде күні енгізілген қатаң шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, санитарлық нормаларды ұстануға шақырды.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру