Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ КҮНДЕ 50-ДЕН АСА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ЗАҢСЫЗ САТУ ІС-ӘРЕКЕТІ АНЫҚТАЛҒАН

Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.

Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар.

Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар.

Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екені анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ зат ретінде тәркіленді. Оның ішінде, «ЦЕФ 3» – 130 қорап,«Ингавирин» – 80 қорап, «Дексаметазон» – 4 ампула, «Алоэ экстракт инъекция үшін» – 120 қорап, «Методжект» – 480 қорап, «Глюкоза» таблетка – 3120 тақтайша, «Глюкоза» бутыль – 27, Стекловидное тело – 2160, «Парацетамол» – 18 қорап, «Ферсинол» – 2160, «Аскрупин» – 2160 қорап.

Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы тіркелген. Барлық анықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру