Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН 288 НАУҚАС ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты, оның ішінде пневмониядан – 209, КВИ – 47, ОРВИ – 13. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Осы орайда, қауіпті індетпен күресте аянбай тер төгіп жатқан шымкенттік дәрігерлердің еңбегі зор. Мәселен, ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастардың бірі 4 тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, бүгін ол дәрігерлердің тиісті ем-домының арқасында дертінен толық айығып шықты. Қала тұрғыны өз кезегінде ақ халаттыларға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3555-ке жетсе, жазылып шыққандар саны 717 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 48 574.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру