Санатталмаған

ЕЛОРДА – ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Ертең еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Дәл осы мерекеде еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Қос мереке қарсаңында Елбасының елге еткен еңбегі мен оның тәуелсіздік жылдарындағы ең айшықты жобаларының бірі – Елорданың өткені мен келешегі туралы орамды ойлар, пайымды пікірлер, лебіздер айтылатыны сөзсіз. Сонымен бірге астанамыздың елордалық «өтілінің» ұлғаюына өлшеусіз үлес қосқан, әлі де қоса түсетін Елбасыға қарата көптеген ақжарма тілектер айтылатыны белгілі. «Көп тілеуі көл» деген. Айтылған тілектер мен жолданған лебіздердің барлығы орындалғай.

Баршаңызды ғажайып мекен – Елорда күнімен құттықтаймын. Осыдан 22 жыл бұрын Арқада бой көтерген әсем қаламыздың болашағы жарқын, келісті келбеті көркейе түссін.

Қазақстандықтардың ортақ мекені – Нұр-Сұлтан қаласының алар асуы, шығар биігі толастамасын. Еуразия жүрегінде орналасқан ару қала еліміздің әкімшілік орталығы ретінде әлеуметтің әлеуетін көтеретін баянды бастамалар мен игі істер бастау алатын бақытты мекен болғай!

Талғат Балтабаев,
«Уақыт» газетінің бас редакторы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру