Санатталмаған

ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.

Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікір алмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке жоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда Шымкент қаласы өнеркәсіп пен сауданың, мәдениет пен өркениеттің қаласы болып саналады. Мінеки, Астана күні мерекесі қарасаңында қала аумағында бірнеше жаңа инвестициялық өндірістік жобалар іске қосылды. Қаламыздағы өнеркәсіп кәсіпорындары «Бизнестің жол картасы-2025» және экономиканың басым салаларын дамытудағы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуда. Еліміздің мұндай жетістіктерге жетуі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы, – деді қала әкімі.

Онлайн-жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Елорда күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.

Фото: Б. Сейітжаппар

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру