Санатталмаған

НАУҚАСТАРҒА ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру және коронавирустық инфекцияның кең таралуын болдырмау мақсатында науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Осы орайда, Шымкенттегі Жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратынан ашылған 600 орындық провизорлы орталықта дәрігерлер ем қабылдаушыларға шұғыл көмек қолын созуда. Мұнда қала аумағындағы барлық емханалардан білікті дәрігерлер шақырылған. Дәрі-дәрмек тегін.

Бұған дейін қаладағы «Самал-3» шағынауданында жаңа мектептен – 400 орындық, Политехникалық колледжінен – 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлы орындар ашылған еді.

Сондай-ақ, тұрғындарға көмектесетін «iKomek» орталығы ашылды. Жедел желіде күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап беріледі. 109 нөміріне қоңырау шалғандар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сауалдарына жылдам жауап ала алады.

Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тұрғындар үшін тәулік бойына қызмет етеді.

Айта кетейік, қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, шаһарда бүгінге дейін барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 3320 провизорлы орын ашылды.

Оған қоса қалада 51 күндізгі стационар жұмыс істеуде. Бұл ретте, науқастарға көмек көрсету екі есеге күшейді.

Бүгінгі таңда Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдері қала дәріханаларындағы халық сұранысына ие 77 дәрі түрлерінің бағасы және олардың жеткізілуі бойынша күнделікті мониторинг жасауда.

Нәтижесінде, дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екені анықталды.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру