Санатталмаған

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 маусымнан бастап №4 қалалық емхана жанынан қосымша 3 мекен жайдан 20 орындық күндізгі стационар ашылды.

Олар: Володарский 11-де – 7 орындық, Терешкова 196-да – 8, Терешкова 2-де – 5 төсек орын. Оның ішінде 5-еуі балаларға апналған. Енді осы мекен-жайларға жақын тұрғындар алысқа бармай-ақ жақын жерде емделе алады.

Жұмыс уақыты 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Бұл ашылған күндізгі стационарларға Жедел респираторлы вирусты инфекция(J06.8), пневмония (J18.8) белгілерімен келген науқастар кезексіз қабылдып жатыр.

Қазіргі таңда стационарда 8 дәрігер мен 16 медбике 2 ауысыммен жұмыс істеуде.

Емхана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру ерітінділерімен, жеке басты қорғау құралдарымен, пульсоксиметр және оттегі жастықшалары, баллондармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен үйдегі шақыртуларды кезексіз шұғыл түрде қамтамасыз ету мақсатында стационарға автокөлік бөлінді. Учаскелік дәрігерлер тұрғындардан келіп түскен шақыртуларға баруда және диспансерлік есепте тұратындарға тегін дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуде.

Айта кетейік, 26 маусымнан бері емханада 67 науқас ем алуда, оның ішінде ЖРВИ – 19, пневмония – 48.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру