Санатталмаған

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН #ADALDYQJOLYMEN ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Волонтер жылы» аясында ұлы ойшылдардың рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында #adaldyqJolymen челленджіне қатысуда.

Биыл наурыз айының басында челленджді Актөбе ауылшаруашылық колледжінің студенті, волонтер Гүлжазира Асуова бастап, жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған өзінің өлеңін оқыды.
«Мемлекет басшысы бұл жылды волонтерлар жылы деп жариялады.

Сонымен қатар, биыл жас ұрпақты адалдық пен парасаттылыққа, еңбек пен білімге құштар болуға тәрбиелейтін ұлы қазақ және түркі ойшылдарының мұрасына да зор мән берілуде. Мен өз өлеңім арқылы барлық қазақстандықтарды әлеуметтік індет болып саналатын жемқорлыққа қарсы күресуге шақырамын», – деді Гүлжазира Асуова.

Ол эстафетаны «Ізгілік елшісі» жобасының волонтерлары мен барлық қазақстандықтарға жолдады.

Гүлжазираның бұл бастамасын көптеген желі қолданушылары белсенді қолдады. Instagram желісінде #adaldyqJolymen хэштегі арқылы азаматтарды парасаттылыққа, адалдық пен әділдікке шақыратын ұлы ойшылардың шығармалары мен төл туындылары оқылған жүзге жуық бейнежазбалар жүктелді.
Әр бейнежазба #adaldyqJolymen хэштегімен белгіленеді.

Бүгінгі күнге дейін челленджге Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің волонтерлары, университеттер мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, мәдениет саласының қызметкерлері және т.б. қатысты.

Жалпы, эстафетаны Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары белсенді қолдады. Facebook және Instagram желілері бейнежазба жүктелетін басты алаңға айналды.

Сондай-ақ, эстафета Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдеріне, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихке, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Максим Споткайға, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевқа, «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысының» екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаровқа жолданды.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру