Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ТОБЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, орман және дала өртін дер кезінде сөндіру мақсатында қаладағы «Жасыл белдеу» мекемесінде 30 адамнан тұратын 3 ерікті өрт сөндіру тобы құрылды. Олар қосалқы құрал-саймандармен қамтамасыз етілген. Оперативті іс-қимыл жасау үшін 3 мың литр жанар-жағар май резерв қоры жасалынған.

Өрт жиі орын алатын жерлерде биыл қосымша 2 бекет, үш жерге диспетчерлік пункт ұйымдастырылды. Шаруа қожалықтарымен өзара қимыл жасау мақсатында келісімдер жасалынған. 250 гектар жерге орман патологиялық тексерулері жүргізілген.

Одан өзге, ауданы 11 гектарды құрайтын Шымсая шатқалында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында арам шөпті отау, оларды жинау және ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Достық шағынауданы, Ақбосаға көшесіндегі 900 метрге жол бойына отырғызылған ағаштарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілген. 1600 дана раушан гүлі, 300 дана бозарша, 773 дана жай жапырақты ағаштардың түбін қопсытып, суғару шұңқырлары жасалып және ағаштарға суғару жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, орман тұқымбағында 2019 жылы егілген ағаш-көшеттерге күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 2 га жерге суғару, арамшөптерден тазарту, минералды тыңайтқыш енгізу жұмыстары жүргізілуде. 80 кг қарағаш тұқымы жиналып, жарты га жерге себілді. Нәтижесінде 170 түп көшет алынады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру