Санатталмаған

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
ҚАДІРМЕНДІ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде қасиетті Түркістан өңірінде 200-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 13 телеарна ұжымы жұмыс атқарады.
Осы бұқаралық ақпарат құралдары елімізде жүзеге асып жатқан реформаларды, облыс көлемінде, ауданда болып жатқан жағымды жаңалықтарды халыққа кеңінен тарата отырып, игілікті істердің жүзеге асуына атсалысуда.

Ауданымыздың қоғамдық-саяси мәселелерін, тартымды да қызықты мақалаларыңызбен, салмақты да орнықты ойларыңызбен көпшілік көкейіндегі мәселелерді көтеріп жүрсіздер.
«Газет халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» екенін ескерсек, тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуына қаламы қарымды журналистер де сүбелі үлес қосып келеді.

Әрдайым еліміздегі игі істердің, бастамалардың басында журналист қауымы табылатынына сенімдіміз.
Төл мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте шығармашылық табыс, отбасыңызға береке – бірлік тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Түлкібас ауданының әкімі Н.М.Байғұт

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру