Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЭКО-СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

AzatMedia. Өңіріміздің бас қаласына айналғалы бері Түркістан шаһары күн санап көркейіп келеді.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын 32 секторға бөліп, оған жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен басқармалары бекітілген болатын. Бұл жердегі басты мақсат — қала аумағының инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу.
Жадынамаға сәйкес 14-секторға жауапты Түлкібас ауданының әкімдігі бекітіліп, бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Тазалық- халық айнасы»- демекші, түлкібастықтар 5 маусым қоршаған ортаны қорғау күнін және өңіріміздің бас шаһарының 2 жылдық мерейтойын ұштастыра отырып кезекті рет игілікті істі іске асырып отыр.

Атап айтар болсақ, өткен сенбі күні Түркістан қаласына Түлкібас ауданынан 130-дан астам ерікті мемлекеттік қызметшілер арнайы барып, сектор аумағында эко-сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке 2-камаз, 1-погрузчик және 1-водовоз техникалары тартылды. Сенбілік жұмыстары барысында үлгілі көше ретінде бекітілген Алаша Байтақ Жырау көшесінің бойында орналасқан 400 метрден астам үй және кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері реттеліп, осы көшедегі аллея мен И.Алтынбеков көшесіндегі сквер аумағы толығымен күл-қоқыстан тазартылып, шөбі орылды. Көше бойларындағы 3500 дана ағаш ретке келтіріліп, түптері әктеліп, суарылды. Сондай-ақ, сектор аумағындағы үгіт насихат құралдары (пано, шиттар) толығымен жаңартылды. Сенбілік нәтижиесінде 2-камаз күл-қоқыс арнайы белгіленген орынға шығарылды.

Айта кетерлік, сенбілік жұмыстары барысында карантин режимінің барлық талаптары қатаң сақталды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру