Санатталмаған

ҚАЛА ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты, деп жазады Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі.

Аталған брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаевтың айтуынша, қалада коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы – симптомсыз. Провизорлы стационарлардың төсек қоры 89 пайызға жүктелген. Ал дәрі – дәрмектің екі айлық қоры бар.

Брифинг соңында сөз алған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргі кезде медицина мамандарына жүктелген міндеттің ауыр екендігін алға тартып, тынымсыз еңбек етіп жатқан мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырды. Ең бастысы, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігін ескертті.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру