Санатталмаған

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылып, барлығы 1 мың литрге жуық дайын сұйықтық пайдаланылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһарда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.

Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мамандар бір апта көлемінде 285 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелерін, қоқыс алаңшаларын, 750 мың кіреберіс және 145 көшені індетке қарсы дәріледі.

Ал, аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын сауда орындары мен тамақтану орындарында аурудың алдын алу іс шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.

Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшін арнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сай жұмыс істеуде.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру