Санатталмаған

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкент қаласында инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева баяндады.

«Бүгінде қаламызда ЖРВИ, пневмония және тұмаудың басқа да түрлерімен ауырғандар саны көбейіп кетті. Осы себепті халық рецептсіз босатылатын дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл дұрыс емес. Дәрілердің мерзімі мен сақтау жолдары бар. Егер ол дұрыс сақталмаса, адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан дәрілерді, мейлінше, дәрігердің нұсқаулығымен сатып алу керек» – дейді ол.

Ләззат Қашқынбаеваның айтуынша, қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспеген. Алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар бар. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда. Қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады екен. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті көрінеді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру