Санатталмаған

«SHYMKENT-FEST» ОНЛАЙН ФЕСТИВАЛЬ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «SHYMKENT-FEST» онлайн өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты – Шымкент қаласының мәртебесін көтеру, имиджін қалыптастыру әрі дамыту, әсем қаламыздың өткені мен бүгінгі болмысын көрсету, таныту. Сонымен қатар, дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету болатын.

Алты бағытты қамтыған фестивальге 50-ден астам өнерпаздар қатысып, жалпы саны 500-ден астам Шымкент қаласы туралы шығармалар қабылданған.

Жеңімпаздар қатарында «2200 жылдық шежірелі Шымкент» республикалық онлайн ақындар айтысы бойынша Біржан Байтуов, Нұрғали Әнәпия, Нұрлан Есенқұлов;

«Ғажайып қала – Шымкент» жазба ақындар арасында онлайн мүшайрада Даурен Айманбетов, Арайлым Мураталиева, Ерман Бауыржан;

«Ертегі қала – Шымкент» фотографтар арасындағы онлайн байқауда Береке Сейітжаппар, Серик Косаев; «Балалар көзімен – Шымкент» жас суретшілер арасындағы сайыста Томирис Амирбек, Алдияр Мырзақұлов;

«Қайырымды қала – Шымкент» оқырмандар арасындағы онлайн оқу бойынша Ақтолқын Әбділдаева, Таңшолпан Имантаева, Айғаным Амангелді секілді талантты жандар бар.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру