Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Қала әкімінің орынбасары Е.Садыр ауыл шаруашылығы нысандарына арнайы барып, жұмыстарымен танысты.

Алғаш болып ЖК «Нормухамедов» шаруа қожалығына барды. ЖК «Нормухамедов» – 2007 жылдан бері бал арасын дамытып отырған шаруашылық. Жылына 100,0 тоннадан астам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясы бар.

Ал, «Зертас» ШҚ сүт фермасы 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен.
«Тассай құс» ЖШС жылына 40 млн дана тағамдық жұмыртқа өндіруде.
Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 5983,4 тонна ет, сүт 19260 тонна, жұмыртқа 62,5 млн дана өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі – 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру