Санатталмаған

БҮГІН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ

Бүгін елімізде жетінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді.

Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 2 067 лауазым бар. 1932 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 541 басшылық лауазымда.

Жыл сайын үздік мемлекеттік қызметкерді анықтау конкурсы ұйымдастырылып отырады. Биылда жалғасын тапқан Республикалық шараға Шымкент қаласынан 3 қызметкер жолдама алған болатын. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.

Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!
Барша мереке иелеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, айнымас абырой мен еңбектеріңіздің елене беруін тілейміз!

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру