Санатталмаған

ШЫМКЕНТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

AzatMedia. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Бүгінгі кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаған департамент басшысы А.Көмекбаев жеңімпаздарды «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапаттады.

Еске салсақ, онлайн режимде өткен республикалық деңгейдегі конкурсқа қаламыздың мемлекеттік органдары арасынан 48 білікті де, білімді мамандар құжаттарын тапсырған.

Қатысушылардың жұмыстары екі номинация – үздік эссе/мақала, үздік бейнеролик бойынша бағаланды. Осылайша, ең жоғарғы ұпай жинаған 3 мемлекеттік қызметшінің құжаттары республикалық конкурсқа жолданған.

Еліміз бойынша байқауға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің ішінен 10 азамат үздік деп танылды. Олардың қатарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек те бар.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен Төтенше жағдай кезінде үздіксіз қызмет ете отырып, карантин мерзімінде үлкен үлестерін қосқаны үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Айта кетейік, жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1932 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 965-і әйел азаматы болса, 29 жасқа дейінгі жас қызметшілер – 471-ті құрайды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру