Санатталмаған

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Келес ауданында мемлекеттік қызметшілер мерекесі аталып өтті. 23-ші маусым ҚР мемлекеттік қызметкерлер күні. Осыған орай, Келес ауданының мемлекеттік салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, облыс және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайда ерен қызметімен көзге түскен аудандық аурухананың басшысына, аудандық полиция бөлімінің бастығына Мақтаарал ауданы әкімінің алғыс хатын табыстады.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті. Бүгінгі таңда елімізге келген індеттің алдын алу, сақтану секілді жұмыстары барысында мемлекеттік қызметкерлердің орасан қызмет атқарып жатқанын тілге тиек етіп, әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екенін атап, мерекемен құттықтады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру