Санатталмаған

КЕЛЕСТЕ ҰБТ БАСТАЛДЫ

Бүгін, яғни 23 маусымнан Келес ауданында Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға Келес ауданы бойынша 52 орта мектептен 1104 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 124 адам тест тапсырды. Талапкер тестілеуге кіру алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын антисептикпен сүрту, дене қызуын өлшеу) өтді. Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әлпетін арнайы бағдарлама арқылы сәйкестендіріп, өзі тағып келген медициналық маскасын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырды. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін заттардың бар-жоғын бақылау) тестілеуге кіріп, аудиториядағы арақашықтығы сақталған орынға отырды. Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тестіленушілердің әр легінен соң тазартылуы тиіс. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіретін арнайы мониторинг топтары бақылайды. Ұлттық біріңғай тестілеу Келес ауданында 23 – 30 маусым аралығында 8 лекке бөлініп өтеді. Тестілеуге кірген талапкерлерге 11 жыл бойы алған білімдерін кеңінен қолданып, сәттілік серік болуын тілейміз.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру