Санатталмаған

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласында 21 маусым – медицина қызметкерлер күніне орай Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұлов ауруханаларға арнайы барып, ақ халатты абзал жандарды құттықтады, деп жазады Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған AzatMedia.

Құттықтау барысында Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұлов медицина қызметкерлеріне сыйлық тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұл мерекелік сыйлық Шымкент қалалық кардиологиялық орталық, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы, Шымкент қалалық перинаталдық орталық, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы және Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасындағы қызметкерлеріне табысталды. Олардың әрқайсысының 15 бөлімшесіне аталған сыйлықтар берілді.

Өз кезегінде Шымкент қалалық кардиологиялық орталық бас дәрігерінің міндетін атқарушысы Ермағанбет Мұқанұлы: «Құрметті әріптестер, кәсіби мерекемізге орай Шымкент әкімшілігі және қалалық Денсаулық сақтау басқармасы атынан сыйлық жіберіп, бізді құттықтап отыр. Ризашылығымызды білдіреміз. Әріптестеріме денсаулықтарыңыз мықты болып, мына қиыншылықтан тезірек өтіп, індетті бірге жеңе берейік дегім келеді», – деді Е.Қуатбаев. Ал кардиохирург дәрігері Тыныбек Сапаров он жылдан бері осында істейтінін алға тартып, сыйлық әкелген кісілерге алғысын айтты. Осы орайда Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының кәсіподақ төрағасы Құрманбай Байрамов та өз рақметін жеткізді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру