Санатталмаған

МӘДЕНИ ЖЫЛДЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы»  жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Үшінші мегаполисте «Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі телевизиялық нұсқада өтеді. Салтанатты жиын қала күні мерекесімен де тұспа – тұс келіп тұр.
Көрсетілімнің алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов құттықтау-лебізін жеткізеді.
Сонымен қатар ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) Басқарма төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Әзірбайжан Республикасының өкілі Полад Бюльбюль оглы және МГЫҚ Басқармасының тең төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Ресей Федерациясының өкілі Михаил Швыдкой бейнеүндеулер жолдайды.
Тележоба «Мир-24» халықаралық, республикалық телеарналарда және интернет желілерінде көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта көптеген танымдық, мәдени – сауықтық шаралар, поэзиялық сағаттар, фестиваль-байқаулар, көрмелер өтеді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру