Санатталмаған

КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН

AzatMedia. Шымкент қаласы Еңбекшi ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өткізді.

Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, аудан аумағы бойынша COVID-19 анықталған ошақтар барлығы – 252. 122 індет ошағы бойынша «Югдорсервис» ЖШС-ның техникаларымен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

– «Жасыл қала» ЖШС-ы тарапынан №35748 әскери бөлімінің сарбаздарымен аудандағы барлық шағынаудандарындағы тұрғын үйлердегі 2250 кіреберіске 2 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Publik protection» ЖШС-ы 3 техникамен шағынаудандардағы 435 аулаға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілді. Ал 35748 әскери бөлімінің сарбаздары 15,16,17,18, «Сайрам», «Теріскей», «Күншығыс», жеке тұрған үйлер, «Цементшілер», «Шымкентстрой», 11,12,13 шағынаудандарының 435 аулаларына қайталап залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Ауданда 2020 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 946 отбасы өтініш білдірді. Оның ішінде 889 отбасының құжаттары қаралып, 745-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді.

Аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған мобильдік тобымен бірлесіп жүргізген рейдтік шаралар кезінде 233 төтенше жағдай режимiн бұзу фактілері анықталған. Соттың қаулысымен 183 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 16 тұлғаға әкімшілік қамаққа алу, 39 тұлғаға айыппұл, 128 тұлғаға ескерту түріндегі жазалар тағайындалған.

 

(с) Тагабай Касымов 

Фото: Серік Косаев

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру