Санатталмаған

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

AzatMedia. Жуырда өткен Түлкібас аудандық мәслихаттың кезекті сесиясында халық қалаулылары тарапынан «Майлыкент Сүт» ЖШС-нің сүт қабылдау бағасын 80-90 теңгеден 110 теңгеге жеткізу мәселесі көтерілген болатын. Бұл сүт өнімін өндірумен айналысатын аудан тұрғындарының өтініші.

Осыған орай, аудан әкімі Н.Байғұт Рысқұлов ауылдық округінде орналасқан «Майлыкент Сүт» ЖШС-не арнайы барып, басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде, қабылдайтын сүт бағасын көтеру мәселесі талқыланып, ағымдағы жылдың 20 маусым күні аталмыш кәсіпорын басшылығы мен ортада жүрген сүт жинаумен айналысатын кәсіпкерлер арасында 1 литр сүтті 110 теңгеден қабылдау мәселесі бойынша жиын өту жоспарлануда.

Сол жерде аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Майлыкент Сүт» ЖШС-гі және сүт өнімін өндірумен айналысатын аудан тұрғындары тарапынан үш жақты келісім түзілетін болды.
Ауданымыздағы сүт өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорынның бірі саналатын «Майлыкент Сүт» ЖШС-нің басшылық құрамы алдағы уақытта жұмыс ауқымы жоспардағыдай болған жағдайда сүт бағасын тағыда көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.

Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда.
Айта кетерлік, жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өндеу цехы күніне 5 тонна сүт өндеп, майсыз сүттен бастап, йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 40 астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өз өнімдерін республика аумағындағы біршама өңірлерге өткізуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру