Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

AzatMedia. Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.

– Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – уақытша қиындық. Сондықтан сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік,- дейді мониторингтік топ өкілдері.

Қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтау маңызды. Егер сақталмаған жағдайда кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуына тура келеді.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру