Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «БАСТАУ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

AzatMedia. Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді.

Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді.

«Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» турнирі командалық жарыс болғандықтан қатысушыларды дайындайтын жетекшілер: Шынар Мылтықбаева, Лариса Таганашвили тағайындалды.

Бүгінгі таңда турнирдің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы топ жасақталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру