Санатталмаған

БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде.

Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 базарға және 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, оның ішінде 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан кәскепкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру