Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар. Осылайша қазіргі таңда Шымкентте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1183-ке жетіп отыр.

Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген.

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15 192-ге жетті.

Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласы мен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.

Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан айыққандардың саны – 9388.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

 

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру