Санатталмаған

ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды.

Аймақ басшысы бұдан соң құрлысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған алып стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық додалар мен мәдени  іс-шаралар өтетін спорт нысанның демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.  Мұнда  2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының прьемер-лига, бірінші және екінші лига командаларының ойындары өтетін болады.

Өңір басшылығының шешімімен Кентау-Түркістан бағытындағы жол бойынан тоқтаусыз су ағызу мақсатында тасарықтың құрылысы жоспарланған болатын. Былтыр 4 шақырымы жасалса, биыл 600 метр тасарықтың құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Қотырбұлақ арығымен секундына 70 литр су Арыс-Түркістан каналына құйылып отыр.

Түркістан қаласының ажарын арттырған  «Парасат» саябағы да ерекше кейіпке еніп келеді. Мұнда қайта жаңарту жұмыстары аясында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық келесі айдың соңында толығымен аяқталмақ.  Нәтижесінде саябақ сумен қамтылып, ол қайтадан «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі. Ал Түркістан-Кентау бағытындағы жолдың екі шетіндегі тасарықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суғарады.

Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Мердігер мекеме – «Sembol contruction». Құрылысы биыл  қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырып, құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру