Санатталмаған

КҮРЕ ЖОЛҒА ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келес ауданының орталығы Абай ауылынан өтетін Республикалық А-15 автожолында үлкен кептелістің орын алғанынан хабардарсыздар. Сол мәселені шешу үшін көптеген шаралар іске асырылды. Бүгінгі таңда аталған мәселені шешу үшін Абай ауылының Т.Рысқұлов көшесін Республикалық маңызы бар А-15 автожолына шығару жұмыстары жанданды. Құрылыс басына барған аудан әкімі Ақментай Есбаев жол құрылысы бойынша келтіріліп жатқан кедергілер, атап айтқанда газ құрылғысын басқа жерге жылжыту, жолдың бағытын жүргіншілер үшін ыңғайлы тарапқа ауыстыру бойынша тиісті мамандарға тыңғылықты тапсырмалар берді. Жол құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, 3 ай көлемінде тапсырылуы тиіс. Жолдың ұзындығы 1 шақырым 220 метрді құрайды. Жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер Іnternational Сonstruction Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру