Санатталмаған

АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ КЕЛЕСТЕН БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы бидай өнімі қоймаға жинала бастады. Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына қарамастан бидай көп жерде бітік шыққан.
Кооператив иесі Маханбет Қожағұлов бұны Келес даласының топырағы құнарлы екеніне балап отыр.  Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктің әр гектарынан 30-35 центнерге дейін өнім жинап жатыр.
Ошақты өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құраманыда егін шаруашылығынан басқа бала-бақша, мал бордақылау пункіттері кіретін ірі кәсіпорында жергілікті 89 азамат тұрақты жұмыс істейді.
2020 жылы Келес аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 24200 гектарға жеткізу немесе 2019 жылғы егіспен салыстырғанда 684 гектар артық орналастыру жоспарланған. Оның ішінде: Астық; 2020 жылы 7920 га, 2019 жылмен салыстырғанда (854 га) артық егілу жоспарланса, бидай – 727 га, дәндік жүгері – 6430 га, бұршақты дақылдар – 763 га аумаққа егілген.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру