Санатталмаған

14184 АДАМДЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

AzatMedia. Шымкент қаласында сəуір мен мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл меже артығымен орындалып, 23975 адамнан тест алынған. Ал осы ай ішінде 14184 адамды тексеруден өткізбек.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша төмендегі тізімде көрсетілген азаматтар коронавируске қарсы жоспарлы тестілеуден өткізілген:

1)COVID-19 провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) COVID-19 жұқтырғандарынан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;
4) Контакт фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланысы бар адамдар;
5) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;
6) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар.

Айта кетейік, эпидемиологиялық көрсеткіштер жергілікті жердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Коронавирус қауіпті екені қаперіңізден шықпасын!

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру