Санатталмаған

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына осы жылдың 18 мамырында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Төреқұлов көшесі, №204 үй тұрғындарынан өтініш түскен еді. Бұл ретте шағым иелері аталған үйдің тұрғыны заңсыз құрылыс жүргізіп жатқанын айтып, «пәтердегі жөндеу жұмысы бүтін бір үйді бүлдіруі мүмкін» деп мәселе көтерген болатын. Осы өтініш негізінде ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасына тексеру тағайындау актісі тіркелді, деп жазады Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған AzatMedia.

Басқарма тарапынан сұраныс хаттар жолданып, нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Төреқұлов көшесі, №204 үй, №5 пәтердің меншік иесі анықталды. Ол 2019 жылдың 24 қарашасындағы №117264 сатып алу-сату келісім шарты негізінде тиесілі екендігі анықталды. Ал жоғарыда көрсетілген пәтерге Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сәйкес реконструкциялауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленбеген.

Қазақстан Республикасы «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарың жобалау (жұмыс жобасы) құжаттамасыз, жұмыс жобасына оң сараптамалық қорытындысыз және техникалық, авторлық қадағалаушыларсыз жүргізгені үшін а.ж. 10 маусымында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 бабының 1-бөлігі және 321 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ұсынбағаны үшін а.ж. 10 маусымында Кодекстің 463 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, негізінен қарау үшін а.ж. 11 маусымында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Бұдан бөлек, Заңның 68 бабының талаптарына сәйкес құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындау және заң бұзушылықтарды жоюға нұсқама енгізілді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру