Санатталмаған

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛПЫС БЕСІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметне сілтеме жасаған AzatMedia.

Нақтырақ айтар болсақ, сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалып, бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі қаралды. Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге, ал қолма қол болса 100 теңге төлейтін болады.

Шымкент қаласы мәслихатының №5 округінен сайланған депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс алтыншы сессия төрайымы болып №1 сайлау округінің депутаты Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы сайланды.

Бұдан бөлек, шаһардағы төрт аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы сөз болғанын айта кеткен жөн.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру