Санатталмаған

ҚАТАҢ ТӘРТІП ПЕН САҚТЫҚ – ҚАЛЫПТЫ ӨМІР КЕПІЛІ

AzatMedia. Коронавирус инфекциясы адамнан адамға ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде жұғады. Сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттармен және ауа, тамақ өнімдері және тұрмыстық заттардан да жұғады. Індеттің қысқа уақытта көп адамға жұғатынын ескере отырып әр азамат өзі сақтанса вирустың қоршаған ортаға таралуына тосқауыл болар еді.

Сақтанудың жолы қандай? Ең әуелі медициналық маска киіп жүру және оны жиі ауыстырып тұру қажет. Мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз. Ауру белгілері бар адамдарға жақындау сіздің денсаулығыңызға да қауіп төндіреді.

Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақтану алдында алдында қолды сабынмен жуып, үнемі антисептик құралын жиі қолдану керек. Сонымен қатар, сауда жасағанда төлем карталарын пайдаланғаныңыз дұрыс. Инфекция ақша арқылы да таралатынын ескеріңіз.

Бүгінде еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 13 558 жетті. 8531 емделіп шықса, 67 адам қайтыс болды. Ал Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар – 1022 адам.Егер әр азамат карантин тәртібіне бағынбай, сақтық шараларын сақтамаса жоғарыда келтірілген цифрлар екі немесе үш есеге артуы мүмкін.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру