Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ІНДЕТТІ ТӘРТІП ЖЕҢЕДІ

AzatMedia. Әлемдік статистикаға жүгінсек, карантин талаптарын жеңілдете бастаған елдерде дерт қайта күшіне енуде. Өз кезегінде вирусқа тосқауыл болудың бірден -бір жолы карантин тәртібіне бағынуды талап етеді.

Таралымы тез жұқпалы аурудан тек қорғану ғана сақтайды. Ол үшін сақтық шараларын қатаң ұстанып, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз тиіс.

Қазір Шымкент қаласы бойынша да ахуал көңіл көншітпейді. 1022 азамат осы дертпен күресіп жатыр.

Сондықтан да сақтық шарасы орындалмаса, барлығымызға қауіп төнеді. Мұның әзілі болмайды. Әрбір сақтық шарасы жан құтқарады. Әрбір немқұрайлық қауіпті он есе арттырады. «Үйде отыр, өзіңді және төңірегіңдегілерді қорға» деп кеңес береді мамандар.

Күнен-күнге өршіп бара жатқан дертті тек тәртіп қана тоқтата алады. Әрбір азамат осыны жіті түсініп карантин режимін ұстанса екен.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру