Санатталмаған

Таза еңбек-бәрін жеңбек

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб өкілдерінің кезекті кездесуі Түркістан қалалық балалар ауруханасында өтті.Ақ халаттылармен өткен кездесудің негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін түсіндірді.

Өз кезегінде А.Абпазов жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеп, пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтың қазақ қоғамына тигізер залалын жіліктеп жеткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында дәрігерлердің үніне құлақ түріп, абзал жандар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру