Санатталмаған

КЕЛЕСТЕ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ЖАНДАНА ТҮСПЕК

Түркістан облысындағы сырлы Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы және және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында екі кәсіпорын құрылып жатыр. Оның алғашқысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағынан құрылатын ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» – жалпы құны 227,4 млн.теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттарын алған кәсіпорынның мемлекеттік актісі ауданның арнайы жер қорында тұрған 2 гектар жер учаскесіне тіркелуде.
Сондай-ақ, екіншісі де осы Біртілек ауылдық округі аумағында іске қосылатын «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС – жалпы құны 251 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыт. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде және жер қойнауын игеруге арналған рұқсат берілген.
Жалпы, жері берекелі ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі 1 875,0 млн. теңге болса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 1300,0 млн.теңгені құрайды.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру