Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

AzatMedia. Қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов қатысты.

Қала әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың айтуынша, қалалық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға бейнероликтер жасау бойынша 8 млн теңге қарастырылған.

– Мемлекеттік сатып алу конкурсында бес бейнеролик пен бес сценарий бойынша 6,2 млн теңге ұтып алған. Қазіргі таңда орындаушыға 3 млн теңге аударылған. Оның ішінде бір бейнероликті жасау үшін 1 млн 250 мың, 2,5 млн.теңге 2 бейнероликті дайындауға және 5 сценарий бойынша 3 млн теңге аударылған. Аталған бейнероликтердің мақсаты жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, бос уақытын тиімді өткізу және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған. Жалпы қала әкімі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан бейнеролик жөнінде хабардар. Мұрат Дүйсенбекұлы арнайы тапсырма беріп, бүгінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындыларын алдағы уақытта арнайы жариялаймыз. Ал мақсатты бейнероликтерді дайындау барысында заң аясында оны бақылауға алуды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары Алмасбек Кеңесбекұлы.

Фото: А.Әссанди

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру