Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ХҚО-ДА КӨРСЕТІЛГЕН ТОП-5 ҚЫЗМЕТ

AzatMedia. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп жүгінген мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 5 мыңға жуық азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамырда автокөлік иелері Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО-ларында 20 мыңнан астам көлікті қайта тіркеген.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де күтті. Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін ХҚО-ға 2 мыңнан астам рет жүгінген.

Төртінші орында жүргізуші куәліктерін ауыстыру және беру қызметі. Мамыр айында 6 мыңға жуық құжат рәсімделген.

Карантиннен кейінгі сұранысқа ие бесінші қызмет – әлеуметтік қауіп-қатер жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі. Бұл негізінен жүктілік және босануға байланысты берілетін төлем. Оны 5 мыңнан астам жүкті әйел алған.

Шымкент қаласындағы ХҚО-ның жұмысы қайта жанданғаннан бері 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады.

ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру