Санатталмаған

ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

AzatMedia. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды.

Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.

Кеңсенің ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған антикризистік шаралар өз жемісін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, бағдарламада межеленген микроқаржы ұйымын құрып, жеңілдетілген несие, нишалық жобалар мен «егістіктен дүкен сөресіне дейін» және мемлекеттік бағдарламалардың бүкіл мүмкіндіктерін барынша қолданылатынын айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобалары іске қосылатын болады. Бұл ретте түркістандық шаруалармен өндірілетін тауарларды өткізу нарығының бірден бір нүктесі Шымкент қаласы болып табылмақ. Түркістан облысында өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін Шымкент қаласында қайта өңдеп, фасовка және упаковка жасау арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру