Санатталмаған

АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕРІН ЖАҢАРТУҒА КӨМЕКТЕСТІ

AzatMedia. Төтенше жағдай режимі кезінде және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 күн ішінде мерзімі өткен немесе өтетін жеке басты куәландыратын құжаттардың республиканың аумағында жарамды деп тану туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысы қабылданған болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаментімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Көші – қон қызметі басқармасының қызметкерлері Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының Полиция басқармаларының мамандарымен бірлесіп, жүріп – тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастыруда.
Сондай-ақ, Көші – қон қызметі басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 348 азаматқа Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделіп, дайын құжаттары берілді.

Өз кезегінде қаламыздың құқық қорғаушыларының карантин мезгілінде көрсеткен қызметтеріне қала тұрғындары алғысын білдірді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру