Санатталмаған

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

AzatMedia. Еліміздің үшінші мегаполисін сапалы интернетпен қамту жайы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында әкім әр он күн сайын осы салаға жауапты мамандардың басын қосып, интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын пысықтауда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапасының нашарлығы туралы көптеген шағымдар келіп түскенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы төтенше жағдай кезінде қала аумағы сапалы интернетпен қамту мен жылдамдығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетті деді.

Осы ретте, әкім интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында, байланыс операторларымен бірлесе, байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтап, өлшем жұмыстарын жүргізуді және сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық стансаларды орнату бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі келесі басқосуға дейін интернетпен қамту мәселесі бойынша 5 және 10 жылдық даму жоспарын дайындауды тапсырды.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру