Санатталмаған

КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

AzatMedia. Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді.

Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ мамандар келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Карантиндік режим талаптарын ішінара сақтамаған бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалды.

Жалпы Қаратау ауданда 50 адамнан жоғары қызмет көрсететін – 101 қоғамдық тамақтану орны, 45 мейрамхана бар. Бұдан бөлек 162 сауда орны қадағалауға алынған. Бүгінге дейін нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылмаған.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру